Душанба-Жума: 09:00-18:00,
    (0-436) 593-11-03,    uchquduq@nv.uz

       
/ / / "Учқудуқ" газетаси хабар қилади: Темірқазық

"Учқудуқ" газетаси хабар қилади: Темірқазық

Әр сәт үйге барғанымда анам латын әліппесін зерделеп үйреніп жатқан болады. Тек өзі емес, алты жасар немересіне де латын әліппесін өз білгенінше үйретеді. Оқуына біраз жәрдемдескен соң, «орысша әріпте оқи салсаңызшы», — деймін өзіме тән шыдамсыздықпен.

— Жоқ, жоқ балам, — дейді анам асығып, оқығанның сауаты басқаша болады негізінде. Өмірімнің барынша уақытым жеткенінше үйрене берейінші, жас кезімде оқып білім ала алмадым, — дейді біраз жабырқаулықпен.

— Ала алмас та едіңіз, — деймін көңілімнен өтіп жатқан ой-пікірлерімді тіліме шығара алмай. Әуел баста жетімдік, одан кейін алты баланың тәрбиесі және жұмыспен болып, жүрегіңіздің түбіндегі армандарды жүзеге асыруға сізде уақыт та, мүмкіндік те жоқ еді, әлбетте. Бір сөзбен айтқанда аяғыңыз алтау, қолыңыз жетеу, шашыңыз сыпырғыш еді, менің мейірбаным.

Үй бикесі аталғанға тән күйбелеңдеріңіз бір төбе, «жұмыс» болса барлық нәрседен асып түсер еді. Таңертеңнен түн қараңғысына дейін негізі қол еңбегімен жасалатын, сүт-өнім фермасындағы жұмыстар уақытыңызды алып қояр еді. Ең әрісі, жексенбі күндері де демалмастан «мемлекеттің жоспар-тапсырмасын» артығымен орындайын, деген жанкүйерлікпен тынбай еңбектенгенсіз.

Біз балалар, ең кішкентайы мен, сіздің жұмыстан келуіңізді тағатсыздана ынтызарлықпен күтер едім. Демалыс күндерінде «жұмыс» менен тартып алған анашымның сиыр иісі сіңіп қалған құшағынан еш шыққым келмес еді. Және ерте таңнан бастап жұмысқа аттанасыз. Көздерімде жас мөлтілдеген күйі, көрпе ішенен шықпай сізді бақылаймын. Жүрегім түбінде «азанда анам бетімнен сүйіп оятса, ыстық шай ішкізіп, мектепке шығарып салса» деген пікірлер бой көтереді.

Әне, мен жаққа қарап келе жатырсыз, көздерімді қатты жұмып өзімді ұйықтап жатқанға саламын. Маңдайымнан иіскеп, көрпемді дұрыстап қоясыз...

Үлкен жиналыстарда үлкен кісілер сізді мінбеге шақырады, омырауыңызды және бір төс белгі безейді. Орден және төсбелгілер қатары көбейген сайын біз балаларыңызға аталған уақытыңыз да қысқарып бара береді. Бірақ, Сіздің перзенттеріңізге болған мейір-шапағатыңызды көңілде түйіп, жүректен сезіп өстік. Сіздің аналық махаббатыңызды бейнелеп тұрған жүзіңіз, жанкүйерлікке толы өмір жолыңыз әрдайым мен үшін ғибрат мектебі болған. Осы мейірім, осы махаббат қызуы алаулап, темірқазық болып жолымды жарқын етуде. Осы мейірімнен, осы махаббат жалынынан үш перзентім де жылынуда. Мен және тек мен, аналық мейірімімді перзенттерім жүректен сезулері үшін негізгі уақытымды олармен өткіземін. Және мен бұны толық сеніммен айта аламын.

Райхан ҚАДІРОВА,

журналист.

Агарда Сиз мақолада хатони учратган бўлсангиз, унда матнни белгилаб, (CTRL + ENTER) клавишасини босиб, веб-сайт маъмурига хабарнома жўнатинг.

Мавзуга доир бошқа ўхшаш маълумотлар: