Душанба-Жума: 09:00-18:00,
    (0-436) 593-11-03,    uchquduq@nv.uz

       
/ / / Құшағы ыстық Қызылқұм жаратылысы

Құшағы ыстық Қызылқұм жаратылысы

 

Қызылқұм қойнауында таң атты. Оқ бойы көтерілген күн жер ананы нұрға бөлеуге асықты. Оның шұғыласы әлемге біреулеп, таңдалғандай таралып жатқан еді. Шөл — екі әлемді еске салады. Таң әсем бойын көтеріп, күн сұлулығын көрсеткен кезде айнала барлық сиқырлы, тартымды болады. Бірден әлемге жусанның жұпары таралады. Оны жанға дауа жағымды жел аямай шашады. Осы кезде салқын ауадан тойып тыныс ала бастайсың. Күн жоғары көтерілген сайын бар әлем шаршап, тыныштыққа шомады. Ыстықта сексеуілдердің тәні алауға айналады. Құшағы қайнаған, жүрегі қайнаған Қызылқұмның бұрыннан жазылмаған бір заңы бар — кім яки не күшті болса, сол жеңіске жетеді.

Қыстағы жұптасудан кейін ана қасқыр қарнындағы баласын алпыс төрт күн алып жүрді. Қаңтар айында өзін және де абайлап қалды, пана жер іздеп, балалауға дайындық көре бастады. Иесіз шөлде осы жерді таңдап, өзі және туылатын балаларына арнап ін қазды. Сол інінде балалады. Төрт баласы еме беріп сілесін қатырып жіберді. Олар бір жарым айлық болғанда тамақты шайнауды үйретті. Кейін қаңғырып жүріп, бір жусан алдына келіп тоқтады. Шамал бір жағымды иісті мұрнына соқтырды. Ол иіскеленіп иіс қай жерден келіп жатқанын білді. Қараса, жаңа туылған құмқоян балалары болып, әлі көзі ашылмаған екен. Бір-бірінің ығына тығылып, дір-дір қалтырар еді...

Қасқыр біржола 5 құмқоян баласын жеген болса да, әлі қарны тоймағанын сезді. Бірақ өз балаларының жағдайы не болғанынан хабарсыз еді.

Арадан 12 ай өтіп, ұрғашы қарашаян 11 балалады. 12 күн бойы бірін қойып, бірін сүйеп, балаларын үстінде алып жүрді. Кейін олар әр жаққа тарқалып кетті. Қазір ғана ана шаян инесін жүндері жұмсақ, әлі аузына қан тимеген бейкүнә бөлтіріктердің біреуіне сұққан еді. Ол осы улы инесімен олжасын жансыздандырды. Күшті аурудан бөлтірік тыпыршылай-тыпыршылай тынып қалды. Ана қасқыр балаларының қасына қайтқан кезде шаян олжасын әбден сорып, құм астына кіріп, ғайып болған еді. Ана қасқыр далбаса ішіндеталаса-таласа жан тапсырған баласын іннен сүйреп, сыртқа алып шықты. Қайтып келген соң, дерлік жартылай қорытылған асқазанында «піскен» құмқоянның етін құсып, балаларын азықтандырды. Енді біразтынышталып, дем алып жатқан балаларын қойып, ойы оны жер жастанып жатқан баласы жаққа жетектеді. Ол тыныштала алар ма еді?! Жауыз, жыртқыш бүтін барлығымен толғанды. Баласын сүйреп, түп-түп болып өскен сексеуілдер арасына тастап келді...

Тамақ іздеп, таба алмай, ініне бос қайтқан ана құмқоянның іші өртенді. Ол «қию-қию» деген дауыс шығарып, күңіренді. Әттең, не бір үмітпен бес баланы дүниеге әкелген еді-ау...

Құмқоян, және оны «құмтауысқан» дейді, қысқасы, бұл жануар жылында екі-үш рет балалайды. Осы жолы ол біраз тәжірибе арттырған емес пе, нәсілін ерекше дайындық көріп, кепкен жусан төселген інде дүниеге әкелген еді.

Үлкен-үлкен ұзын құлақтарын түріп алған күйде, маржандай дөңгелек көздерімен айналаға мөлтілдеп қарады.Жел оның құм түстес терісін бір ырғақта, жұбатқан секілді сылай есіп тұр еді. Ол балалары жатқан жерді аңсап бір иіскеп шықты. Кейін дұшпан аралаған бұл киесіз інді тастап кетті. Енді ол өзі үшін тыныш, қауіпсіз жерді таңдауы керек. Шөлде ызғып-ызғып, бір қалыпты тербеліп тұрған сексеуілдер мекеніне қарап жүрді. Боранбай ауылына жақын жерде сексеуілдер ішінен өзіне шұңқыр қазып, жататын жер әзірледі...

Райхан Қадірова, 

МТДП депутаты.

 

Агарда Сиз мақолада хатони учратган бўлсангиз, унда матнни белгилаб, (CTRL + ENTER) клавишасини босиб, веб-сайт маъмурига хабарнома жўнатинг.

Мавзуга доир бошқа ўхшаш маълумотлар: